​Шымкентте 100 мыңнан астам адам вакцина салдырған

​Шымкентте 100 мыңнан астам адам вакцина салдырған

Екпе науқаны басталғалы 103 360 адам КВИ-ге қарсы епке алған, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Қалада 29 сәуірдің көрсеткіші бойынша 8 058 адамға вакцина салынған. Оның ішінде 7 280 адам І – компонентін алса, ІІ – компонентін 778 азамат салдырған. Жалпы вакцина науқаны басталғалы 12 358 адам екпенің екі компонентін алған.

Соңғы тәулікте шаһарда инфекция жұқтырған 105 жағдай анықталды. Оның 35-і стациноарға жатқызылса, 75 адам үй бақылауына алынды.

Бүгінде инфекциялық стационарда жалпы 1 406 орын қарастырылған. (қалалық инфекциялық орталық – 490, «Атамекен» клиникасы – 450, Орынбай ГБОО – 70 орын, №14 емдеу орталығы – 250, қалалық перинаталдық орталық – 30, оңалту орталығы – 100, қалалық клиникалық балалар ауруханасы – 10, Шымкент жүрек орталығы – 6).

Сонымен қатар өткен тәулікте арнайы мобильді топ 562 нысанға тексеру жұмысын 15 нысанда карантин талаптары бұзылғандығы анықталған.