ШЫМКЕНТТЕ 20 МЫҢНАН АСТАМ БАЛА СПОРТ СЕКЦИЯЛАРЫ МЕН ҮЙІРМЕЛЕРГЕ ЖАЗЫЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ 20 МЫҢНАН АСТАМ БАЛА СПОРТ СЕКЦИЯЛАРЫ МЕН ҮЙІРМЕЛЕРГЕ ЖАЗЫЛДЫ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың балаларды бұқаралық спортқа белсенді түрде тарту жөніндегі тапсырмасы тиянақты түрде орындалып жатыр. Мәселен, биыл Шымкент қаласында 20 мыңнан астам бала мемлекеттік спорттық тапсырыс аясында спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелеріне қатысады. Осы мақсатта мемлекеттік бюджеттен жан басына қаржыландыру жүйесі арқылы тиісті қаржы қаралған.

Бұл туралы Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлады.

Басқарманың мәліметіне сүйенсек, биыл жасөспірімдер спорттың 17 түрінен жаттыға алады. Сондай-ақ, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған 3 түрлі спорттық секция бар.

Бүгінгі күнге дейін мемлекеттік спорттық тапсырыс аясында жұмыс істеуге платформа арқылы 1330 өтінім келіп түскен болса, соның ішінде біліктілік талаптарына сай келген 113 кәсіпкердің өтінімі мақұлданған. Ал, ата-аналардан 33 864 өтінім түсіп, 20 066 келісімшарт жасалған. Осылайша, Шымкентте спорттық секциялар мен шығармашылық үйімелерге жазылмаған балалардың 26 пайызы қамтылып отыр.

Айта кетейік, спорттық секцияларда 338 жаттықтырушы мен 200-ден астам басқа да қызметкерлер жұмыспен қамтылып отыр.