Шымкентте «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 3-ші бағыты бойынша ақылы қоғамдық жұмыстарға жыл басынан бері 1 873 адам тартылды, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Қоғамдық жұмысқа тартылған Ақтөре Айтуғанов «Экономист» мамандығы бойынша білім алған. Жас маман өз саласы бойынша жұмыс таппай біраз табалдырықты тоздырғанын да айтты.
– Жыл басында қалалық Жұмыспен қамту орталығына барып, жұмыссыз ретінде тіркеліп, қажетті құжаттарымды тапсырдым. Көп ұзамай қолыма жолдама алдым. Бұл - менің мемлекеттік мекемедегі алғашқы қадамым. Жұмысым өзіме ұнайды. Бұл бағдарлама мен сияқты жас мамандардың нағыз кәсіби маман болып қалыптасуына жол ашады, - дейді А.Айтуғанов.
Айта кетейік, өткен жылы 39 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. Былтыр жыл бойы қоғамдық жұмыстарға 5 329 адам тартылса, биыл бір ай ішінде 2 мыңға жуық азамат жұмысқа жұмылдырылған.