​Шымкентте арбамен теннистен ел чемпионаты басталды

​Шымкентте арбамен теннистен ел чемпионаты басталды

Қазақстан Республикасының арбамен теннис ойнау чемпионаты алғаш рет Шымкентте өтті. Жарысқа еліміздің түрлі қалаларынан – Алматы, Астана, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Орал, Шымкент, Қызылорда, Қарағанды қалаларынан спортшылар қатысты. Жарыс қыркүйектің 3-і мен 6-сы аралығында өтіп, үш күнге жалғаспақ. Жалпы, арбамен теннис ойыны елімізде 2022 жылдан бастап белсенді дамып келеді. Жыл сайын Қазақстан теннис федерациясы ҚР Чемпионатын ұйымдастырып, оның нәтижесі бойынша Ұлттық құраманың құрамы жасақталады. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының атқарушы директоры Медет Байкен айтты.

– Бұл чемпионатқа әртүрлі спортшылар қатысып жатыр. Бірі – осы спортты енді ғана бастағандар, енді бірі – 4-5 жылдан бері арбадағы тенниспен кәсіби түрде шұғылданып жүргендер. Арасында әлемдік жарыстарға шығып, үздік жүздікке енгендері де кездеседі. Сол себепті мұнда тәжірибе алмасу жүреді, бір-бірінен үйреніп, нәтижесін көрсетеді деп сенеміз. Алғашқы жылдары мұндай жарыстарға небәрі 4-5 өңір қатысатын, тіпті спортшылардың саны қырыққа жетпейтін кездер болды. Қазір жағдай мүлде басқа. Қазақстан теннис федерациясы арнайы команда құрып, жыл бойы дайындық жасайды. БАҚ-тың қолдауы да әсер етті. Соның арқасында қатысушылардың қатары айтарлықтай көбейді,- дейді ол.

Шымкент қаласынан арбамен ойнайтын 44 теннисші бақ сынауда.

«Шымкент келбеті»