Шымкентте де халықаралық стандартқа сай конгресс-хол болады

Шымкентте де халықаралық стандартқа сай конгресс-хол болады

“Шымкент Сити” аймағынан халықаралық стандартқа сай конгресс-холдың құрылысы былтыр басталған болатын.

Бүгінде ғимараттың  құрылысы қарқын алған және   заман талабына сай жүргізілуде. Жер көлемі 5,240 га, құрылыс ауданы – 16 166,65 м2.

Қала әкімі М.Әйтенов жұмыс барысын арнайы барып көрді. Құрылыс жұмысымен танысқан қала басшысы  құрылыс басқармасы мен жауапты мердігер мекеме өкілдеріне құрылыстың  сапасы ең маңызды, басты міндет екенін ескертті.

Конгресс-холл болашақта жергілікті және республикалық маңызы бар қоғамдық іс- шараларды, конференцияларды, фестивальдерді, концерттік қойылымдарды өткізуге арналған көпфункционалды орталық болмақ.

Ғимарат 3 қабаттан, 5 блоктан тұрады. 2066 орынға лайықталған көрермен залы, 190 орындық конференц залы, 80 орындық салтанат залы, 40 орындық пресс кабинет, асхана және көліктерге жер асты тұрағы қарастырылған.