Шымкентте 26 қыркүйек күні КВИ-дің 41 жағдайы тіркелді (белгілері бар-30, белгілері жоқ-11). 29 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 12 адам үй бақылауына алынды. 24 тұрғын ауруынан айығып, үйіне шығарылды.
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 413 орын бар, төсек орын толымдығы 45%-ды құрайды, 760 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 652 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 257 төсек орын бар, 105 науқас ем қабылдауда.
Бір тәулік ішінде қалада 2322 адам вакцина алды
(I компонент-1601, II компонент-721). Егу науқаны басталғалы барлығы 512 560 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 415 129 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 40 мобильдік топ 316 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде 6 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Мамандар вирусты қайта өршітіп алмау үшін сақтық шараларын қатаң сақтау керектігін, босаңсуға болмайтынын айтуда.