2025 жылы Шымкент қаласында білім, спорт, мәдениет, әлеуметтік және мемлекеттік нысандардың құрылысы жүйелі түрде жүргізілді. Білім беру нысандары бойынша 11 жаңа мектептің құрылысы жүріп, 4 нысан пайдалануға берілді, қалған 7 нысан 2026 жылға өтпелі. Сонымен қатар 11 мектеп күрделі жөндеуден өтіп, жаңа оқу жылына дайындалды.
Спорт және мәдениет нысандары бойынша 1 спорт мектебі және 1 мәдениет нысаны пайдалануға берілді. Абаттандыру саласында 2 саябақтан 1-і тапсырылды, 1 нысан 2026 жылға өтпелі.
Әлеуметтік қамтамасыз ету нысандары бойынша 3 нысанның құрылысы жүргізілуде, 1 нысан пайдалануға берілді. Төтенше жағдайлар саласында 6 нысан жоспарланған, оның 3-і пайдалануға берілді, қалған 3 нысан 2026 жылға өтеді. Мемлекеттік органдар нысандарынан 4 нысанның 1-і пайдалануға берілді, қалғандары келесі жылға өтпелі. Денсаулық сақтау нысандары бойынша 1 нысан күрделі жөндеуден өткізіліп, 2026 жылға өтпелі.
Жобалау-сметалық құжаттамалар бойынша 22 жоба әзірленіп, сараптама қорытындылары алынған, 51 жоба әзірленуде.
Бұл жұмыстар қаланың әлеуметтік инфрақұрылымын нығайтуға, тұрғындардың сапалы қызметтер алуын қамтамасыз етуге және мемлекеттік нысандардың уақтылы іске қосылуына бағытталған.