Шымкентте рентгенхирург қатысуымен күрделі ота жасалды

Шымкентте рентгенхирург қатысуымен күрделі ота жасалды

Шымкент қаласының №2 қалалық ауруханасында Нұр-Сұлтан қаласынан келген рентгенхирург Евгений Мунның қатысуымен «Остеоартрит кезінде тізе асты артериясының тармақтарын эмболизациялау» тақырыбында шеберлік сағаты өткізілді.

Тізе буынының ауыр остеоартриті бар науқастарда ауырсынуды тиімді азайту үшін тізе асты артерияның тармақтарын эмболизациялау ұсынылуы мүмкін. Бұл әдісті консервативті емдеуге келмейтін және реконструктивті операцияға мүмкіндігі келмейтін науқастарда ұсынылады.

Тізе асты артерияның тармақтарын эмболизациялау - қабынуды азайту арқылы ауырсынуды және остеоартриттің басқа белгілерін азайту үшін интервенциялық рентгенхирургтармен жүргізетін жаңа тәсіл. Шеберлік сағаты кезінде аурудың әртүрлі сатылары бар 5 науқасқа алғаш рет жаңа әдіспен ота жасалды. Отадан кейін пациенттер өздерін жақсы сезінуде және жақын күндері ауруханадан шығады деп күтілуде.

Айта кететіні №2 қалалық ауруханасында биыл наурыз айында ми қан айналымының бұзылысы бар науқастарға шұғыл медициналық көмек көрсету үшін инсульт орталығы, рентгенохирургиялық диагностика мен емдеу әдістері бөлімшесі (ангиография) ашылған болатын. Бүгінгі таңға дейін онда 220 рентгенхирургиялық ота жасалған.