Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Максут Исахов facebook әлеуметтік желісінде мәлімдеді, – деп хабарлайды shymkentaqparat.kz
- 10 қаңтар - сайлау күні қаладағы барлық қоғамдық көліктер ақысыз жұмыс істейді. Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының кезекті сайлауының өтуіне байланысты, жолаушылар өздерінің қоғамдық сайлау учаскелеріне ақысыз жете алады. Бұл ретте Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан тасымалдаушы компания өкілдерімен келіссөздер жүргізілді, - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, 2019 жылдың 9 маусымында Қазақстан Республикасының Президентін сайлау күні де Шымкенттегі қоғамдық көліктер халыққа ақысыз қызмет көрсеткен болатын.