Шымкентте «Таза Қазақстан» акциясы өтті

Шымкентте «Таза Қазақстан» акциясы өтті

Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жалпы қалалық тазалық күні ұйымдастырылды. Қала аумағының бірнеше ауданында өткен шараға тұрғындар мен мемлекеттік қызметкерлер белсене атсалысты.

Атап айтқанда, Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты ("Әл-Фараби" КММ, "Таза Өлке" ЖШС) тарапынан сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық жұмыстарына 300 қызметкер қатысып, 22 техника жұмылдырылып, 6 арнайы техника жұмылдырылды.

Тұрғын үй басқармасының 19 қызметкері қатысып, 0,5 тонна қоқыс шығарылды.

Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының 35 қызметкері сенбілікке белсене атсалысып, 3 техникамен 2,4 тонна қоқыс шығарылды.

Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының 35 қызметкері 2 техникамен 1,52 тонна қоқыс шығарды.

Білім басқармасында да 35 қызметкер, 2 техника жұмылдырылып, 2,3 тонна қоқыс шығарылды.

Дін істері басқармасының 15 қызметкері 1 техниканың көмегімен 0,014 тонна қоқыс шығаруға атсалысты.

“Жастар ресурстық орталығы" КММ тарапынан 60 ерікті жас тазалық акциясына үлес қосты.

Жалпы аудан бойынша 499 қызметкер, 30 техника, 41,7 тонна қоқыс шығарылды.

Атқарылған негізгі жұмыстар:

- Қураған ағаштар мен бұтақтарды кесу

- Шөп шабу

- Жолдар мен аяқжолдарды жуу

- Қоқыс алаңшаларын жуу

- Көпқабатты тұрғын үйлердің келбетін жаңарту

- Заңсыз құрылыстарды бұзу

- Аулаларды абаттандыру (бояу, элементтерді ретке келтіру және т.б.)

- Жалпы тазалық жұмыстары және басқа да іс-шаралар.