Биыл Шымкентте мүмкіндігі шектеулі жандардарды қолдау үшін бюджеттен 3,2 млрд. теңге қаржы бөлінді, деп хабарлайды shymkentaqparat.kz
Ол қаражатқа 22 мыңнан астам ерекше күтімді қажет ететін азаматтарға арнайы құралдар сатып алу жоспарлануда.
Бұл туралы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Қ.Сайлауов мәлімдеді.
–Биыл наурыз айында мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау мақсатында «Тең қоғам» орталығын ашуды жоспарлап отырмыз. Орталықта азаматтардың сұранысы мен мүмкіндігіне қарай жұмыспен қамту шараларына тартып, кәсіпке баулиды және құқықтық кеңес береді, - деді ол.
Ерекше қорғалған азаматтар үйден шықпай-ақ, электрондық қолтаңбамен http://aleumet.egov.kz сілтемесі арқылы әлеуметтік қызметтерді алуға мүмкіндігі бар.
Фото: ашық дереккөз