Қазақстанда ковидпен ауырып жатқан науқастар саны 289 720 адамға жетті. Оның 8 409-ы Шымкент қаласының тұрғындары, - деп хабарлайды Shymkentaqparat
Қалада өткен тәулікте 114 адамнан ковид анықталды. Мамандарының мәліметінше, олардың барлығы дерлік бұрын ауру жұқтырған адамдармен тығыз қарым-қатынаста болған.
Денсаулық сақтау басқармасы шаһардың «қызыл аймақта» екенін және Covid-19 жұқтырушылардың саны күннен күнге артып отырғанын айтуда. Сондықтан мамандар барлық қала тұрғындарынан санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, барынша үйден шықпауға шақырады. Инфекцияға қарсы вакцина алуға кеңес береді.
Үшінші мегополис тұрғындарының 46 656-сына вакцина салынған. Шымкент республика бойынша екпе салудан 10-шы орында тұр. 28 сәуірге дейін шаһарға вакцинаның тағы 80 600 дозасы әкелінбек. Емханаларда 220 адам қатерлі індеттен емделіп жатыр. Оның 41-інің жағдайы ауыр. Соңғы аптада 3 адам ковид-19-дан қайтыс болды.