Шымкентте өткен тәулікте 72 адамнан COVID-19 анықталды

Шымкентте өткен тәулікте 72 адамнан COVID-19 анықталды

Шымкент қаласының аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жұмыстары тұрақты жүргізілуде, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Өткен тәулікте шаһарда 373 нысанға (350 кәсіпкерлік нысан, 23 жеке нысан) тексеру жұмыстары жүргізіліп, оның ішінде 14 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталды.

Сондай-ақ, 6 сәуір күні КВИ-дің 72 жағдайы тіркелді: 16 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 56 адам үй бақылауына алынған.

Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1380 орын бар (қалалық инфекциялық орталық – 560, Атамекен клиникасы – 500, ЖШС «14 емдеу орталығы» – 320 орын), төсек-орын толымдығы – 26,7%. 1012 төсек-орын бос. Инфекциялық стационарда 368 науқас емделуде.

Өзіңіз және жақындарыңыз үшін сақтық шараларын сақтаңыз!