Шымкентте өткен тәулікте 96 коронавирус жағдайы тіркелді

Шымкентте өткен тәулікте 96 коронавирус жағдайы тіркелді

Қазір 60 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 36 адам үй бақылауына алынды, - деп хабарлайды Shymkentaqparat

Қала аумағында инфекциялық стационарларда 1380 орын қарастырылған. Оның ішінде 560 орын қалалық инфекциялық орталықта, 500-і Атамекен клиникасында, 320 орын ЖШС «14 емдеу орталығында» әзірленген.Бүгінде төсек орын толымдығы 22%-ды құрап, 1067 орын бос тұр.

Қалада мониторинг жүргізетін 22 мобильдік топ карантин талаптарының сақталуын бақылауға алған.Қазіргі ахуалға байланысты олар күшейтілген күн тәртібінде жұмыс істеп отыр.

Мобильдік топ 1 сәуір күні 356 нысанға тексеру жұмысын жүргізді. Карантин талаптары бұзылған 17 нысанды анықтап, әкімшілік хаттама толтырды.

Сонымен қатар, эпидемиологиялық ахуалға байланысты Шымкент әкімдігі тұрғындардан карантин талаптарын сақтап, қауіпсіздік шараларын ұстануға шақырады.