Шымкенттің бас дәрігері екпе алуға шақырады

Шымкенттің бас дәрігері екпе алуға шақырады

Қаладағы мемлекеттік және жекеменшік емханаларда ковидке қарсы вакцинациялау жұмыстары аптаның жеті күнінде сағат 08:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істеуде.

Бүгінде қала тұрғындарының 90 пайыздан астамы індетке қарсы екпенің бірінші компонентін алған. Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б.Пазилов өзінің бейне хабарландыруында айтуда.

Бейне үндеуінде қаланың бас дәрігері ауруды жеңу үшін жаппай иммундаудың маңызы зор екенін және вакцинациялау қалыпты жағдайға оралуға мүмкіндік беретінін мәлімдеп, вакцина алмаған тұрғындарды екпе салдыруға шақыруда.