Шымкенттік кітапханашы «Ұлттық ұлан қызметінің үздігі» болды

Шымкенттік кітапханашы «Ұлттық ұлан қызметінің үздігі» болды

Шымкентте жасөспірімдер кітапханасының қызметкері Құндызай Елекеева ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшысының бұйрығымен «Ұлттық ұлан қызметінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Ұлттық ұлан мерекелік іс-шаралар мен мәдени кештерді кітапханамен бірлесе атқарып, тығыз байланыс орнатқан кітапханашыға осындай құрмет білдірді.

Құндызай Елекеева 11 жылдан бері кітапханада жұмыс істеп келеді. Осы уақыт аралығында түрлі мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға ат салысқан. Бұған дейін ол «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен марапатталған болатын.

Айта кетсек, Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы - әмбебап профильді кітапхана болып табылады. Кітапхана 1978 жылдың тамыз айынан бері ел игілігі үшін қызмет атқарып келеді. Кітапхана14 пен 29 жас аралығындағы жасөспірімдерге, олардың тәрбиесімен айналысатын басқа да оқырмандар категорияларына қызмет көрсететін ірі мәдени-ағарту, білім беру, ақпараттық орталық болып табылады.