Қаратау ауданында кәсіпкерлер мен депутаттар аз қамтылған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қажеттіліктеріне қарай көмек көрсетті, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Қайырымды азаматтардың демеушілігімен 562 отбасыға азық-түлік, киім және көмір үлестірілді.
Ал 510 әлеуметтік жағдайы төмен отбасының балалары зообақты аралап, кинотеатрларға бару шараларына қатысты.
131 аз қамтылған отбасының балаларына мектеп формасы мен оқу құрал-жабдықтары берілсе, 5 көпбалалы отбасы «Менің кәсібім» атты әлеуметтік жобасына қатысып,тігін машинасы, нан пісіру пеші, көлік жууға арналған техникалыққұрал-жабдықтар және шикізаттармен қамтылып, жеке кәсібін ашуға мүмкіндік алды.
Сонымен қатар коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында 11 235 отбасыға 286 178 медициналық маска таратылды.