Шымкенттік оқушылар New York университетінің грантын ұтып алды

Шымкенттік оқушылар New York университетінің грантын ұтып алды

Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушылары Убайдуллаев Азизбек пен Сәдуақасов Асылбек New Yorkуниверситетінің грантына ие болды, деп хабарлайды Shymkentaqparat

New York университеті – әлемдегі жоғарғы оқу орындарының бірі. Үздік оқу ордасында 115-тен астам этнос өкілдері білім алады. Онда білім сапасы жоғары, әрі студенттерге берілетінмүмкіндік мол.

New Yorkуниверситеттіне түсетін студенттер оқуға өтінім бергенде нақты бір мамандықты таңдамайды. Олар өзіне ұнаған мамандық түрін оқу барысында таңдаңдайды. Мен «Сomputer science» мамандығын таңдадым. Алдағы уақыта одан да бөлек салаларды қарастырып, тағы бір мамандық түрін меңгеру жоспарымда бар, – дейді Асылбек Сәдуақасов.

Айта кетейік, осыған дейін аталған мектептің түлегі Ернар Бекбаш дәл осы Абу-Дабидегі уинверситетке оқуға түскендігі туралы жазғанбыз.