ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫ ӘЛЕМ КУБОГЫНДА КҮМІС ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ

ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫ ӘЛЕМ КУБОГЫНДА КҮМІС ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ

Чехияның Пардубице қаласында Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясы және Чехия Манкала федерациясының ұйымдастыруымен тоғызқұмалақтан ерлер мен әйелдер арасында Әлем Кубогі өз мәресіне жетті. Ол 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын қолдау аясында ұйымдастырылған еді.

Тоғызқұмалақтың классика және блиц түрінен 14елден,атап айтқандаГермания, Чехия, Латвия, Польша, Колумбия, Италия, АҚШ, Румыния, Түркия, Австрия, Украина, Венгрия, Қырғызстан және Қазақстаннан спортшылар қатысып, өзара мықтыларды анықтады.

Жарыс нәтижесінде Қазақстан спортшылары 4 алтын, 3 күміс және 5 қола медальмен оқ бойы озып шықты. Латвия мен Қырғызстан спортшылары қос жүлдеден еншіледі. Қазақстан құрамасына түскен бір күміс жүлдені шымкенттік Салтанат Сапарбекова еншіледі. Ол блиц бәсекесінде екінші орынға ие болды.

«Шымкент келбеті»