ШЫМКЕНТТІКТЕР ЖҮРГІЗУШІЛІК ТЕОРИЯЛЫҚ ЕМТИХАНЫН ЖАҢА МЕКЕНЖАЙДА ТАПСЫРАДЫ

ШЫМКЕНТТІКТЕР ЖҮРГІЗУШІЛІК ТЕОРИЯЛЫҚ ЕМТИХАНЫН ЖАҢА МЕКЕНЖАЙДА ТАПСЫРАДЫ

 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қалалық филиалы өкілдерінің хабарлауынша, 2023 жылғы 10 қаңтардан бастап жүргізуші куәлігін алуға теориялық емтиханды жаңа мекенжайда тапсыруға болады: Достық ш/ауд., 2343/1, мамандандырылған ХҚО ғимараты. Бұған дейін бұл жерде практикалық емтихан ғана қабылданатын еді. Жаңалық жүргізуші куәлігін алғысы келетін азаматтарға қолайлы болуы үшін жасалып отыр.

– Бұған дейін жерлестеріміз теориялық емтиханды бір жерде, ал практикалық емтиханды екінші жерде тапсырып жүретін. Ал бұл уақыт жоғалтуға келіп соқтыратыны белгілі. Мемлекеттік корпорация барлық қызметті «Бір терезе» қағидаты бойынша ұсынып келеді. Тағы бір айтарымыз, бұған дейін теориялық емтихан қабылданып келген Төлеметов көшесі, 35-ғимаратта ондай емтихан енді қабылданбайды, – дейді мемлекеттік корпорациясының Шымкент қалалық филиалы директорының орынбасары Бекжан Қоржынбаев.

Айта кетейік, Шымкенттегі тағы бір мамандандырылған ХҚО да «Бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсетеді. Оның мекенжайы: 119-орам, Ташкент тасжолы, 381/1. Жұмыс кестесі – дүйсенбі-жұма аралығына, сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін (түскі үзіліссіз).

Еске салайық, жүргізуші куәлігін алу үшін азаматтарға теориялық және практикалық емтихан тапсыру үшін 2 сағаттай уақыт беріледі. Ал жарамдылық мерзімі аяқталған жүргізуші куәлігін жаңасына ауыстыру уақыты 50 минуттан аспайды.