Татулық – тұрақтылықтың тірегі⁣⁣

Татулық – тұрақтылықтың тірегі⁣⁣

Қоғамдағы татулық – ел дамуының басты кепілі. Ол жай ғана тыныштық емес, халықтың санасына сіңген мәдениет, өмір сүру дағдысы. Қазақстан бұл құндылықты қалыптастыруда және оны сақтауда әлемге үлгі боларлықтай тәжірибе жинақтады.⁣⁣⠀

⁣⁣Этносаралық келісім – бір сәттік науқанның немесе әкімшілік шешімнің нәтижесі емес. Бұл – ұзақ мерзімді, жүйелі, әрі ойластырылған қоғамдық-саяси үдеріс. Осы бағытта Қазақстан халқы Ассамблеясы маңызды рөл атқарып келеді.⁣⁣⠀

⁣⁣Ассамблея әр этнос өкілінің пікірін ашық білдіруіне, ұсыныстарын ортаға салуына және шешім қабылдау процесіне қатысуына мүмкіндік беріп, елде сенім кеңістігін қалыптастырды.⁣⁣⠀

⁣⁣Бейбітшілік – өзара түсіністіктен басталады. Көпэтносты елде тіл, дін, мәдениет алуан түрлі болуы – заңдылық. Бірақ бұл айырмашылықтар қоғамның бөлінуіне емес, келісім мен үйлесімнің нығаюына қызмет етуі керек. Ол үшін білім беру, мәдениет, ақпараттық саясат және тәрбие жұмысы бір мақсатқа тоғысуы қажет.⁣⁣⠀

⁣⁣Бүгінгі татулық – Қазақстанның ең үлкен жетістіктерінің бірі. Өйткені әлемде көптеген мемлекеттер әлеуметтік келісімнің жоқтығынан тұрақсыздыққа тап болуда. Біз, керісінше, бірлікті басты құндылық етіп, болашаққа нық қадам басып келеміз.⁣⁣