ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МАМАНДАРЫ – ҚАУІПСІЗДІКТІҢ КЕПІЛІ

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МАМАНДАРЫ – ҚАУІПСІЗДІКТІҢ КЕПІЛІ

2025 жыл – елімізде жұмысшы мамандықтарды дәріптеу және олардың маңызын арттыруға бағытталған ерекше жыл. Бұл бастаманың басты мақсаты – кәсіби шеберлігімен қоғамның қауіпсіздігі мен тұрақтылығына үлес қосып жүрген сала мамандарын қолдау және жас ұрпақты осы бағытта еңбек етуге ынталандыру.

Төтенше жағдайлар мамандары – адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғауда, табиғи және техногендік сипаттағы апаттардың алдын алуда және салдарын жоюда алдыңғы шепте қызмет ететін жауапты мамандар. Олар тәуліктің кез келген уақытында, кез келген жағдайда жедел әрекет етіп, кәсібилігі мен батылдығының арқасында сан мыңдаған адамның өмірін аман алып қалуда.

Бұл салада қызмет ету – жоғары білім мен физикалық дайындықты ғана емес, сондай-ақ үлкен жауапкершілік пен ерік-жігерді талап ететін абыройлы міндет. Құтқарушылар, өрт сөндірушілер, кинологтар, инженер-сарапшылар – барлығы да мемлекетіміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

Жастарды төтенше жағдайлар саласына қызықтыру – болашақ ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеудің, еңбекке құрметпен қараудың және елге қызмет етудің жарқын үлгісі. Бұл бағыттағы кәсіптік бағдар беру мен кадрлық әлеуетті дамыту – 2025 жылдың басты басымдықтарының бірі.

Төтенше жағдайлар мамандары – өз ісіне адал, кәсіби, батыл және сенімді жандар. Олардың еңбегі әрқашан жоғары бағалануға лайық.

#ЖұмысшыМамандықтарЖылы