Жас боксшылар Азия чемпионатының жүлдегері атанды

Жас боксшылар Азия чемпионатының жүлдегері атанды

Иордания астанасы Амман қаласында бокстан жастар мен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтуде.

Құрлық біріншілігіне Шымкент қаласынан 3 спортшы қатысып, бәрі де жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Жасөспірімдер арасында Айдар Қадырхан (52 келі), Санжар-Али Бегалиев (66 келі) алтын медальға қол жеткізді. Бек Жолдасбек 50 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!