ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Шымкенттің белсенді жастарымен кездесіп, әділетті Қазақстан жайында еркін әңгіме құрды. Реформаларды іске асыруда және Шымкенттің дамуында жас буынға жүктелетін міндеттер жөнінде айтты. Ол өз сөзінде жас қазақстандықтарды қолдауға арналған шараларға, мемлекеттік бағдарламаларға және нақты бағыттар бойынша атқарылып жатқан жобаларға да тоқталды.
– Президентіміздің бастамасымен Қазақстанда жастардың білім саласындағы әлеуетін іске асыруға және қызметте өсуіне қажетті жағдай жасалып отыр. Жас буынды баспанамен қамту мәселесі де басты назарда. Өздеріңізге белгілі, биылғы наурызда Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Әділетті Қазақстан идеясымен тығыз байланысты және дұрыс құндылықтар жүйесін қалыптастыруға ықпал ететін «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» тұжырымын жариялады. Бұл қағидаттар, ең алдымен, жастардың бойынан табылуы керек. Сондай-ақ, еліміздің жастары бәсекеге қабілетті, білімді, санасы ашық болуы керек. Сондықтан тәрбие беруде ата-анамен қатар, мектептің білім сапасымен қатар әлеуеті зор болуы үшін жұмыс істелініуі керек, – деді Мәулен Сағатханұлы.
«Шымкент келбеті»