​ZHANIBEKOV UNIVERSITY-ДЕ ҚЫТАЙ ТІЛІ ОҚЫТЫЛАДЫ

​ZHANIBEKOV UNIVERSITY-ДЕ ҚЫТАЙ ТІЛІ ОҚЫТЫЛАДЫ

Zhanibekov University мен Қытайдың Xi’an International Studies University арасында қос дипломдық білім беру бағдарламасы туралы келісімге қол қойылды. ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 30 тамыз – 3-қыркүйек аралығында Қытай Халық Республикасына жасаған ресми сапары аясында екі ел университеттері арасында ынтымақтастық келісіміне қол қойылған еді. Осыған сәйкес, Қазақстан-Қытай Іскерлік Кеңесінің алаңында Zhanibekov University мен Xi’an International Studies University арасында қос дипломды білім беру бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы маңызды құжат ресімделді. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Zhanibekov University Басқарма төрағасы-ректордың міндетін атқарушы Әлібек Нұртаев, Ғылыми жұмыстар және инновациялар жөніндегі проректор Ержан Керімбеков қатысты. Келісім аясында 2026 жылы 6В02303 – Филология (қазақ және қытай тілдері) мамандығы бойынша бакалавриаттың қосдипломдық білім беру бағдарламасы іске қосылады. Бұл студенттерге:

- Қазақстан мен Қытайдың жетекші университеттерінде оқу мүмкіндігін;

- Екі диплом алуды;

- Қазақ және қытай тілдерін кәсіби деңгейде меңгеруді;

- Халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті маман болуды қамтамасыз етеді. Алғаш рет жасалған бұл келісім – Қазақстан мен Қытай арасындағы ғылым және жоғары білім саласындағы стратегиялық әріптестіктің маңызды қадамы.

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ баспасөз қызметі