Мегаполистің Ташкент бағытындағы күре жолда тексеру басталды. Жеміс науқанында тасымалға кіріскен жүк көліктері қатаң қадағалануда. Рейдті Шымкент қаласы бойынша көлік бақылау инспекциясының мамандщары ұйымдастырып отыр.
Тасымал транспорттарының әр дөңгелегіне рұқсат етілген салмақ мөлшері бар. Инспекторлар жылжымалы таразбен жүк көліктерін жол жиегінде ақ сараптамадан өткізуге мүмкіндігі бар. Айта кетейік, өткен жылы Шымкентте 1430 жүргізуші жүк тасымал тәртібін сақтамаған. Бұл заңбұзушылықты Шымкент қаласы бойынша көлік бақылау инспекциясының қызметкерлері анықтап, тиісті хаттама толтырыпты. Тәртіп бұзушылардан мемлекет қоржынына 65 млн 586 мың теңге айыппұл өндірілген. Ал, биыл 1117 жүргізуші тәртіпті бұзғаны анықталып отыр. Оларға 61 млн теңге айыппұл салынған. Инспекторлар қауіпсіздік мақсатында әсіресе қоғамдық көлік пен жүк көліктерін қатаң қадағалайды. Қазір үшінші мегаполисте құрылыс жұмыстарының қызып тұрған шағы. Сондықтан тас-құм таситын жүк көліктеріде қатаң бақылауда. Артық жүк артқан көлік жүргізушілеріне айыппұл салынады. Басты мақсат қала жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
«Шымкент келбеті»