​«Жұмыс берушілерді қолдау бөлімі» ашылды

​«Жұмыс берушілерді қолдау бөлімі» ашылды

Шымкентте қаңтар айынан бастап «Жұмыс берушілерді қолдау бөлімі» өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Бұл ұйым - қалалық Жұмыспен қамту орталығы ішінен ашылған. Онда мемлекеттік және жекеменшік мекемелердің сұранысы бойынша қажетті жұмыс күштері ұйымдастырылады.

Бұл жерде жұмыс берушілердің сұранысын қабылдап, орталыққа бекітуге жолданады. Сұраныстар бекітілгеннен кейін қаладағы 4 ауданның жұмыспен қамту бөлімдері арқылы орталықтандырылған базаға енгізіледі.

Қазіргі таңда аталған бөлім қаладағы 800-ге жуық жұмыс берушінің өтінімін қабылдап, олар бойынша тиісті жұмыс жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар «Enbek.kz» электронды порталындағы бос жұмыс орындарына талдау жүргізіп, жұмыс берушілердің ұсынысы туралы мәліметтерді енгізілуін қадағалайды. Мемлекеттік мекемелердегі бос жұмыс орындар жөнінде ақпарат жинақталып, жұмыс берушілер тарапынан порталға орналастырылуына бақылау жүргізеді.