Бүгін «Шымкент Сити» шағынауданында Қазақстан Журналистер Одағы Шымкент қалалық филиалының ұйытқы болуымен 100-ге жуық көшет егілді, деп хабарлайды Shymkentaqparat тілшісі.
Игі шараға Байдулла Қонысбек, Бақтияр Тайжан,Дулат Абіш, Әсет Әссанди, Балтабек Түйетаев, Ерсұлтан Амірбек, Тұтқабай Фазылбек және басқа да БАҚ өкілдері қатысты.
Уәли Қыдырдың айтуынша, бұл аллея алдағы уақытта – Шымкенттік журналистердің басқосар алаңына айналмақ.
Қаланы көріктендіруге келгендер қаламгерлер жаңа аллеяны «Қазақ журналистерінің аллеясы» деп атауды ұсынды.
- Өткенде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов өзі ағаш отырғызып, қоршаған ортаны көркейту мақсатында көшет егу челленджін жолдаған еді. Енді міне өзім мегаполистегі 50 шақты журналистердің басын қосып, 100-ге жуық көшет отырғыздық. Бұл біздің қаламыздың көркеюіне қосқан үлесіміз, - деді Қазақстан Журналистер Одағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Уәли Қыдыр.