Қала әкімі Мұрат Әйтенов қала аумағында орналасқан жылу қазандықтарын аралады.
Шаһар басшысы «Қуатжылуорталық-3» мекемесіне қарасты АДЦ-160Гкал жылу қазандығын тексеріп, жауапты мамандарға жылумен қамту жұмыстарын пысықтап тұруды тапсырды.
Аталмыш қазандық шаһар аумағында орналасқан 144 көп қабатты тұрғын үйді, 11 әкімшілік және 33 заңды тұлғаларға қатысты ғимаратты жылумен қамтамасыз етуде.
-“Қазгидромет” хабарламасына сәйкес, алдағы 4 күнде аязды ауа райы күтілуде. Қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жұмыла жұмыс атқарайық. Әрбір қазандықтың жұмысын мұқият тексеріп, тәулік бойы бақылауда ұстауымыз керек,-деді Мұрат Дүйсенбекұлы.