​1 ақпаннан бастап Қазақстанда қандай банкноттар жарамсыз?

​1 ақпаннан бастап Қазақстанда қандай банкноттар жарамсыз?

1 ақпаннан бастап 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2 000, 5 000 және 10 000 теңгелік банкноттар қолданыстан шықты, - деп хабарлайды Shymkentaqparat

Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Банк өкілдері мәлімдеді.

1 ақпаннан бастап Ұлттық Банктің филиалдары 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2 000, 5 000, 10 000 теңгелік банкноттарды қабылдауды және айырбастауды тоқтатты, - деді Ұлттық банк өкілдері.

Банк мәліметінше, 21 қаңтардағы жағдай бойынша банкноттарды ауыстыруға ең көп сұраныс білдіргендер еліміздің үш мегаполисінде, Нұр-Сұлтан мен Алматы және Шымкент қалаларында тіркелген. Бұл ретте айырбастауға қабылданған барлық банкноттың 42,4%-ы 10 000 теңгелік номиналға тиесілі. Одан кейін номиналы 2 000 теңгелік және 5 000 теңгелік банкноттар болды.