1 сәуірден бастап вакциналау есептегіші іске қосылады

1 сәуірден бастап вакциналау есептегіші іске қосылады

Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Shymkentaqparat

- Біз 1 сәуірден бастап вакциналау есептегішін іске қосамыз. Президент әкімшілігінің тапсырмасы бар. Өңірлер бойынша күн сайын коронавирус жұқтырғандардың статистикасына ұқсас есептегіш "ілініп тұрады". Ол біздің сайтта орналасады, - деді Цой Алматыда өткен отырыста.

Есептегіш Қазақстанға қанша вакцина түскенін және қанша адам екпе алғанын көрсетеді.

Қазақстанда 2021 жылдың соңына дейіін 6 миллион адамды вакциналау жоспарланып отыр.

26 наурыздағы мәлімет бойынша, "Спутник V" вакцинасының бірінші компонентін алғандар саны – 110 861, екінші компоненті 25 318 адамға егілді.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Қазақстан мен Ресей "Спутник Лайт" бір компонентті вакцинасының миллион дозасын жеткізу туралы уағдаласқанын мәлімдеді.