10 миллион қазақстандықты коронавирусқа қарсы вакциналау жоспарланып отыр

10 миллион қазақстандықты коронавирусқа қарсы вакциналау жоспарланып отыр

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, – деп хабарлайды shymkentaqparat.kz

Министр ресейлік «Спутник V» вакцинасының екі миллион дозасына келісім бар екенін айтып, Қазақстанға субстанция түрінде жеткізілетінін атап өтті.

Әзірге екі миллион дозаға кепілдік беріледі. Қазір бізде екі ел арасында жеткізу бойынша келіссөздер жүргізілуде. Жалпы, біз шамамен 10 миллион адамға екпе жасатуды жоспарлап отырмыз. Бұл халықтың 55 пайызын құрайды, - деді министр.

Айта кетейік, вакцина Қарағанды фармацевтикалық зауыты базасында өндірілетін балады.