ҚР Мәдениет және спорт спорт министрі Ақтоты Райымқұлова еліміздегі музей қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды Shymkentaqparat
«Құрметті музей ісінің мамандары!
Сіздерді 18 мамыр Халықаралық музей күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Музей - кешегі тарихты бүгінгі күнмен байланыстырып, оны кейінгі ұрпаққа ұлықтайтын, сынаптай сырғыған уақытты пайдалы өткізуге, таным көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік беретін əмбебеп орталық. Əр музей өз алдына бояуы қанық, айтар ойы анық өзгеше бір əлем» - деп атап өтті министр.
«Бар ғылымның жетістігін баяндайтын жəне тарих тағлымымен таныстыратын мəдени орда ұрпақ жалғастығы мен əлем халықтарын әріптестікке бастайтын алтын көпір атанып үлгерді. Осы орайда музейлер туризммен біте қайнасып, демалыстың ажырамас бөлігіне айналғаны бұл саланың қызметін жаңа бағытта жалғастыруға жол ашады.
Бүгінгі орайлы сəтті пайдалана отырып, қордағы материалдарды тіркейтін, экспонаттарды сақтау мен оларды халыққа таныстыруға дейінгі көзге көрінбейтін жұмыстың бəрін істейтін сала қызметкерлерінің ұшан-теңіз еңбегіне алғыс айтамын» - деді Ақтоты Рахметоллақызы өз құттықтауында.
Айта кетейік, Халықаралық музей күніне орай, Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастырумен, «Цитадельдегі түн» атты іс-шарасы өтеді. «Шымқала» тарихи-мәдени кешенінде өтетін аспан астындағы бағдарлама 20:00-ден сағат 01:00 дейін өткізу жоспарланған.