28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні

28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні

Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығында «Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні» қарсаңында Әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Жиынға қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов, «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтаев, ҚР жұмыс берушілер Конференциясының өкілі Альберт Толщин және кәсіподақ төрағалары мен қызметкерлері, мемлекеттік басқарма басшылары мен медиаторлар қатысты.

Күн тәртібінде Шымкент қаласындағы кәсіпорындардың мониторингі бойынша анықталған даулы мәселелер мен жалақы қарыздары және келіп түскен арыздар аясында мамандардың есебі тыңдалды.

Отырыста Шымкент қаласы әкімдігі, «Кәсіподақтар орталығы» және «ҚР жұмыс берушілер Ұлттық Конфедерациясы» заңды тұлғалар бірлестігі арасында 2021 – 2023 жылдарға арналған Өңірлік келісімге қол қойылды.