Шымкентте коронавирустың алдын алу және халықтың денсаулығын қорғау мақсатында АӘК (атаулы әлеуметтік көмек) алушы отбасыларға тегін дәрі-дәрмек қобдишалары таратылуда, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Дәрі жиынтықтардың құрамы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің негізінде айқындалған. Топтаманың ішіне термометр, 100 дана медициналық маска, қолға арналған антисептик, ибупрофен және парацетамол дәрісі бар.
Дәрі-дәрмек қобдишалары Шымкент қаласы бойынша «Gramad» сауда үйінің дүкендер желісінде таратылуда. Тізім бойынша жалпы 30 962 отбасыға қаралған. Дәрі топтамаларын таратуға бекітілген сауда үйінің мекенжайлары:
–Еңбекші ауданы, Жібек жолы 58, «Кабиско» аялдамасы, «Gramad Hypermarket».
–Абай ауданы, Темірлан тас жолы 129, «Бекжан» автовокзалы
–Қаратау ауданы, Қайтпас 1 ш/а Көшеров көшесі 10 үй, «Береке» дүкенінің жанында және Нұрсат ш/а «Шахан» сауда үйі.
Әл-Фараби ауданы бойынша дәрілік топтамалар тек 14-ші шілде күні дезинфекциялау жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Арғынбеков көшесі 124, Шахан-2, «Gramad supermarket» мекен-жайы бойынша таратылады.Ал, алдағы күндеріауданға қарасты Жангелдин көшесі 3, «Айгүл» аялдамасы, «Gramad» дүкенінен де алуға болады.