Шымкентте 28 медицина мекемесі «Ақылды емхана» жүйесіне көшуді бастап жіберді , -деп хабарлайды Shymkentaqparat
Бұл жөнінде қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б.Пазилов қала әкімі алдындағы есепті жиында айтты.
Жыл басынан атқарылған іс-шараларды баяндаған басқарма басшысы қаладағы медицина саласын цифрлық технологияға көшіру жұмыстары қарқын алғанын атап өтті.
Емханаларға QR код жүйесі орнатылып, қосымша арқылы науқастар дәрігердің қабылдауына жазылуға және медицина маманын үйіне шақыруына болады. Тағы бір ерекшелігі азаматтар тарапынан ұсыныстар, арыз-шағым қалдыруға да жағдай жасалған.
Айта кетсек, қаладағы барлық емханалар «ДамуМед» медициналық ақпараттық жүйесімен жұмыс жүргізуде. Мобильдік қосымшаны қазір 201 780 адам пайдаланады . Мұнда электрондық денсаулық паспорты 1 052 849 пациентке толтырылған. Бұл – қала халқының 97,8 %-ын құрайды.
Фото: Береке Сейітжаппар