Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой отандық QazVac вакцинасын алғашқылардың бірі болып салдырды, деп хабарлайды Shymkentaqparat
«Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алғашқылардың бірі болып коронавирусқа қарсы отандық QazVac вакцинасын салдырды. Ведомство басшысының вакцина салдыру сәті министрліктің Facebook-тегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілді», – делінген хабарламада.
Қазақстандық QazVac вакцинасының алғашқы 50 мың дозасы өңірлерге жіберілгендігі жөнінде жазған болатынбыз.
Айта кетейік,бүгін, яғни 26 сәуірде QazVac вакцинасын қазақстандықтарға салу басталды.