«Ashyq» жобасын қанша қазақстандық қолданады?

«Ashyq» жобасын қанша қазақстандық қолданады?

«Ashyq» жобасын 378 мыңнан астам қазақстандық қолдана бастады, - деп хабарлайды Shymkentaqparat

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

- Шектеу іс-шаралары мен бизнес жұмысы арасындағы теңгерімді орнату мақсатында «Атамекен» ҰКП Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, жергілікті атқарушы органдар бірлесіп, 2021 жылдың қаңтарынан Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды қалаларында «Ashyq» мобильдік қосымшасын енгізу бойынша ілкі жобаны жүзеге асыруды бастады. 26 сәуірден жоба бүкіл ел бойынша таратылуда, - деді министр.

Оның атап өтуінше, бүгінде «Ashyq» жобасы фитнес-клубтарда, спа-орталықтарда, бассейндерде, боулинг, бильярд және компьютер клубтарында, кинотеатрларда, театрларда, концерт залдарында, қоғамдық тамақтану орындарында, облысаралық, қалааралық тұрақты емес жолаушылар тасымалында қолданылады.

- 27 сәуірдегі мәліметке сәйкес, жоба қатысушыларының жалпы саны – 1658, ал қосымшаны қолданушылар 378 мыңнан астам адамды құрайды, - деді Алексей Цой.