Шымкенттік полицейлер автобуста адасқан баланы тауып, ата-анасына табыстады, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Өткен тәулікте, яғни 3 мамыр күні «102» нөмірне қала тұрғыны хабарласып, 2013 жылы туған ұлының жоғалғаны туралы хабарлаған. Ата-анасының сөзінше баласы басқа басқа бағыттағы автобусқа мініп, адасып қалған.
Осы жағдай бойынша Полиция департаменті Қаратау аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізген. Нәтижесінде үйіне уақылы оралмаған бүлдіршінді тауып, ата-анасына аман-есен табыстады.
Тәртіп сақшыларының жедел әрекеті мен кәсіби біліктілігіне риза болған қала құрғыны алғысын айтып, ризашылығын жеткізді.