Бас санитар: Шетелге шығуды кейінге қалдыруға кеңес беремін

Бас санитар: Шетелге шығуды кейінге қалдыруға кеңес беремін

Еліміздің бас мемлекеттік санитария дәрігері Ерлан Қиясов шетелге барып демалуды жоспарлап отырған қазақстандықтарға үндеу жолдады, - деп хабарлайды Shymkentaqparat

– Мен эпидемиологиялық ахуалы нашар Үндістан, Түркия, сондай-ақ Еуропа, Латын Америкасы, Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне барудан бас тартуды сұраймын. Бұл елдерде күн сайын қауіпті індетті жұқтырғандар саны еселеп артып, антирекорд көрсеткіш көрсетіп жатыр.Ғалымдар коронавирус инфекциясының жаңа штамдарының жұғу жылдамдығы өте жоғары және қоғамға, жалпы денсаулық сақтау жүйесіне қауіп төндіреді деп дабыл қақты.Сондықтан аталған елдерге демалысты немесе өзге де сапарларды кейінге қалдыруға кеңес беремін, өйткені бұл сіздің денсаулығыңыз ғана емес, сіздің жақындарыңыздың амандығы, ұлт денсаулығы екенін ұмытпаңыз, - делінген бас санитария дәрігерінің хабарламасында.

Бұған дейін Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы Үндістандағы жағдай әлемнің кез келген елінде болуы мүмкін екенін ескерткен болатын.