Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Құжатта діни нысандар жұмысына қатысты толықтыру енгізіліп отыр. Бұл өңірдің коронавирус таралуы бойынша қандай аймақта тұрғанына байланысты.
- "Қызыл" және "сары" аймақтағы діни нысандарда адам жиналатын шараларды өткізуге тыйым салынады. "Жасыл" аймақтағы мешіттерге бес намазға рұқсат етіледі. Мешіт сыйымдылығының 30 процентінен және адам саны 100-ден аспауы тиіс, - делінген қаулыда.
Жұма намаз тек ауыл мешіттерінде ғана өтеді. Келушілер саны ғимарат сыйымдылығының 25 процентінен көп болмауы керек. Сондай-ақ, қаулыда елге келушілерге байланысты шектеу шаралары да қамтылған.
Шекара кесіп өту кезінде адамдар берілген күннен бастап есептегенде 3 тәулік бұрын берілген (қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдерінде) теріс нәтижесі бар анықтама ұсынуға міндетті.
Фото: ашық дереккөз