Басына ыдыс кептелген баланы құтқарушылар құтқарып алды

Басына ыдыс кептелген баланы құтқарушылар құтқарып алды

Шымкентте 1,5 жасар бүлдіршін асхана ыдысымен ойнап, басына киген бойда қайта шеше алмаған. Балғынның басына тығыз киілген ыдысты шығара алмаған ата-анасы құтқару қызметінің көмегіне жүгінді, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Құтқарушы К.Нүсқабаевтың басшылығымен құрамында 4 маманы бар құтқару тобы Төреқұлов көшесіндегі оқиға орнына келді. Ыдыс кептелгеннен қыз қорқып жылаған. Бала ұйқыға кеткеннен кейін өсімдік майын қолданып, байыппен 15 минут ішінде кішкентай бүлдіршіннің басынан метал ыдысты алып, баланы «тұтқыннан» босатты.

Осылайша құтқару операциясы сәтті аяқталды. Балалның денсаулығына ешқандай зардап келмеген.