Бүгін Шымкент қаласының жаңа жылдық бас шыршасының шамдары жағылады, – деп хабарлайды shymkentaqparat.kz
Биыл дүниежүзілік ахуалға байланысты жылдағы дәстүрден өзгеше өтетін мерекелік шара 19:00-де «Оңтүстік телеарнасынан» тікелей эфирден көрсетіледі.
Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының мәліметінше, барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, жылдың "үздік жастары" мен "үлгілі отбасылары" шыршаны айнала сап түзейді. Олар ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен ұлтымыздың ұлттық құндылықтарын бейнелемек. Сонымен қатар, салтанатты шарада еліміздің танымал эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді деп күтілуде.