Бір тәулікте пневмониядан 25 адам қайтыс болды

Бір тәулікте пневмониядан 25 адам қайтыс болды

Елімізде осы жылдың 4 тамыздағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Shymkentaqparat тілшісі coronavirus2020 сайтына сілтеме жасап

2021 жылдың 2 тамызында коронавирустық инфекция белгілері бар пневмониямен ауырған 471 науқас және 25 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 110 адам емделіп шықты.

Ал өткен тәулікте Қазақстанда 7 519 адамда коронавирус жұқтырғаны ПТР сынамасы арқылы анықталған.

Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласы – 1 351, Алматы қаласы – 1 558, Шымкент қаласы – 502, Ақмола облысы – 257, Ақтөбе облысы – 365, Алматы облысы – 315, Атырау облысы – 381, Шығыс Қазақстан облысы – 302, Жамбыл облысы – 181, Батыс Қазақстан облысы – 163, Қарағанды облысы – 895, Қостанай облысы – 270, Қызылорда облысы – 198, Маңғыстау облысы – 223, Павлодар облысы – 307, Солтүстік Қазақстан облысы – 141, Түркістан облысы – 110.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 602 952, жетті.

Сонымен қатар ел аумағында өткен тәулікте 3 554 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.