Биыл 2 500 жас жұмысқа орналасады

Биыл 2 500 жас жұмысқа орналасады

Қазірдің өзінде 700-ге жуық азамат медициналық, педагогикалық және техникалық мамандықтары бойынша түрлі мекемелерге жұмыс істеуде, деп хабарлайды Shymkentaqparat

«Жастар практикасы» - «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының ІІІ бағыты шеңберінде жүзеге асуда. Бұл жоба - Жастарды уақытша жұмыспен қамтиды. Мерзімі - 6 ай. Жалақысы 25 айлық есептік көрсеткіш, яғни - 72 900 теңге.

Шымкент қалалық Жұмыспен қамту орталығы баспасөз қызметінің басшысы Майя Алибжанованың мәлімдеуінше, жоба шеңберінде жұмысқа орналасу үшін бірқатар талаптар бар. Атап айтсақ, қатысушының жасы 29-дан аспауы тиіс және «жұмыссыз» мәртебесі және соңғы 3 жыл ішінде (2018-2020 ж.) жоғарғы оқу орындары мен колледжердің түлектері бір-ақ рет қатыса алады.

Қалалық жұмыспен қамту орталығында жұмыс берушілерді қолдау бөлімі жұмыс істейді. Мұнда тұрғындарға 5 маман қызмет көрсетеді. Бөлім мекемелердегі маман тапшылығының алдын алып, азаматтарды жұмыспен қамтиды. Мамандар «Жастар практикасы» аясында және әлеуметтік, қоғамдық ваканцияларды ұсынады.

Жұмыспен қамту орталығында 10 мыңнан аса жұмыссыз адам тіркелген. «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында 2020 жылы 3 мыңға жуық азамат жұмыспен қамтылып, оның 536-сы тұрақты жұмысқа орналасқан.