Өткен жылы Шымкентте 649,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Бұл туралы Үкімет отырысында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов баяндады.
Былтыр бюджеттен бөлінген қаражатқа 304 пәтерлі 51 кредиттік және 112 пәтерлі 2 арендалық тұрғын үй салынған. Бұдан бөлек, нарықтан 696 арендалық пәтер сатып алынған.
Биыл қала бойынша пайдалануға тапсырылатын тұрғын үйлер ауданын 1 млн. шаршы метрге жеткізу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда нақты тапсырылатын744 мың шаршы метр тұрғын үйдің болжамы дайын. Оның ішінде 2 096 пәтерлі 33 кредиттік, 336 пәтерлі 6 арендалық үй.
Қала әкімі арендалық төлемді субсидиялау арқылы тұрғын үй кезегінде тұрған 42 мыңнан астам отбасы баспанамен қамтылатынын айтты