Биыл 5 754 отбасы баспаналы болады

Биыл 5 754 отбасы баспаналы болады

Шымкент тарихында алғаш рет 1 млн шаршы метрден астам тұрғын үй құрылысы жүргізілді, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 2020 жылдың қорытындысы бойынша онлайн форматта халық алдында есеп беру кездесуінде мәлімдеді.

Қазіргі таңда қалада 40 мыңнан астам адам үй кезегінде тұр. Шаһар басшысының айтуынша, былтыр «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 262 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілген.

– Оның ішінде 5 787 отбасы баспаналы болды болды. Өткен жылы салынған үйлер бойынша қала тарихында рекордты көрсеткішке қол жеткіздік. 2019 жылмен салыстырғанда 24 пайызға артты, – деді қала әкімі.

Қаладағы салынып жатқан үйлердің 85 пайызы – мемлекеттік үйлер.

– Мемлекеттік үйлер бюджеттің мүмкіндігіне тәуелді. Коммерциялық үйлер салатын компанияларды қолдамасақ, Шымкентте баспана мәселесін ешқашан шеше алмаймыз, – деді шаһар басшысы

Айта кетейік, биыл 661 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, 5 754 пәтер халықтың игілігіне беріледі.