Шымкент қаласында шағын және орта кәсіпкерлік саласына ерекше көңіл бөлініп отыр. Себебі 160 мыңнан аса қала тұрғыны 70 мыңға жуық шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінде тұрақты жұмыспен қамтылған, – деп хабарлайды shymkentaqparat.kz
Биыл дүниежүзілік пандемияға байланысты қалада дағдарысқа қарсы арнайы шаралар да қабылданды. Бұл мақсатта кәсіпкерлердің қаржылық жағдайын қалпына келтіру үшін 1 482 субъектінің 13 млрд теңге несие төлемдерін кейінге қалдыруға шешім шығарылды. Індет кезінде зардап шеккен 26 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі мүлік және табыс салықтарынан босатылды.
Сонымен бірге, алдағы 5 жылда Президент шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы өнімдегі үлесін 2025 жылға қарай 35 пайызға, жұмыспен қамтылғандар санын 4 миллион адамға дейін көбейтуді тапсырды.
Бүгінде қала бойынша жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 28,4 пайызды құрайды.