Коронавирустың таралу деңгейі бойынша Қазақстанның үш облысы "қызыл" аймақта, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Денсаулық сақтау министрлігі аймақтардағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады.
16 наурыздағы жағдай келесі сипаттағыдай:
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары және Батыс Қазақстан облысы.
⠀
"Сары" аймақта: Ақмола, Алматы, Атырау, Қарағанды облыстары.
⠀
Барлық басқа өңірлер "жасыл" аймақта болып саналады.
Айта кетейік, Шымкентте өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырған17 жағдай тіркелді.
Ал Қазақстан бойынша 15 наурызда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны-954.