Шымкентте түрлі этнос өкілдерінің қатысумен «Дархан елдің татулығы» атты іс-шара өтті, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Мерекелік жиын «1 наурыз – Алғыс айту күніне» орай ұйымдастырылды. Татулықты ту еткен этнос өкілдері бір-біріне деген ілтипатын білдіріп, мерейлі датаның мән-маңызына туралы сөз етті.
Ақ дастархан басында бас қосқан жиында белгілі айтыскер ақын Жандос Мырзабаев қазақ халқының кең пейілін жырға қосты. Ал, қалалық «Аналар кеңесінің» төрайымы Зульфия Бекмырзаева жиында алғашқылардың бірі болып сөз алып, «Алғыс айту» күнінің шығу тарихы туралы кеңінен тоқталды.
–Бүгінгі іс шараның басты мақсаты – қаладағы этномәдени бірлестік өкілдерінің басын бір дастархан басында қосып, қазақ халқының салт-дәстүрімен кеңірек таныстырып, тарихы туралы ақпарат беру. Сол үшінде жиныды арнайы «Салт-дәстүр және әдет-ғұрып» орталығында ұйымдастырып отырмыз, - дейді ҚР мәдинет қайраткері Азиза Омарбекқызы.
Шымкентте түрі басқа болса да – тілегі бір, жүзі басқа болса да – жүрегі бір өзге ұлт өкілдері көп-ақ. Солардың бірі – Гүлханым Тұрсынова. Ол қазақ өнерінің дамуына, ұлттық аспаптың танылуына өз үлесін қосып жүрген түрік қызы.
–Мен осы Шымкент қаласында туып-өстім. Ұлтым түрік болғанымен, түрлі жарыстарда қазақ халқының атынан шығып, өнер көрсетемін. Жүлделі орындарды иеленіп жатсам, бойымды ерекше сезім бейлейді. Мен өзімді нағыз қазақ сезінемін. Бәріміздің түбіміз бір. Сондықтан мен қазақ тілінде еркін сөйлеймін. Сондай-ақ, қазақ мектебінде оқушыларға музыкадан сабақ беремін. Өз шәкірттерімнің әлемдік байқауларда Қазақстанның атын шығарғанын қалаймын, - дейді Гүлханым Тұрсынова.
Қазіргі таңда Шымкент қаласында 1 038 152 өзге ұлт өкілі өмір сүруде. Оның ішінде ең көбі Өзбек, Орыс, Әзірбайжан, Түрік ұлтынан. Қалада түрлі этнос өкілдерінен құралған 16 этномәдени бірлестік бар. Олар 100-ден аса ұлттың татулығы мен бірлігін жарастырып, бір-бірімен байланыстарын арттыру бағытында түрлі жұмыстар жүргізуде.
Фото: Нұрлан Алтынбеков